Полиция департаменті Алматыда жағдайдың тұрақты екенін айтты

0
496

​Алматыда жағдай тұрақты және бақылауда.


Полиция департаменті Алматыда жағдайдың тұрақты екенін айтты

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы ПД-нің қызметтері мен бөлімшелері қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы, қаладағы тәртіпті 2,5 мыңға жуық полиция қызметкері: патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция қызметкерлері, жедел уәкілдер, сондай-ақ тергеу-жедел топтары қамтамасыз етті.
«Түн салыстырмалы түрде тыныш болды. Қаладағы жедел жағдайдың асқынуына жол берілмеді. Жол қауіпсіздігі тиісті деңгейде қамтамасыз етілді. «102» желісі қалыпты режимде жұмыс істеп тұрды: азаматтардан келіп түскен қоңыраулар саны көбейген жоқ», - деді, Алматы полициясында.
Сонымен қатар, бастапқы кезеңде азаматтардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Ешқандай тонау тіркелмеді.