20 қазанда елордада ер адам 55 жастағы әйелін атып, бес жасар баланы жарақаттады.
ERNUR.KZ. Елорда полициясы әйелін атып, ұлын жарақаттаған ер адамның ішкі істер саласында жұмыс істеген деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Zakon.kz.
Бұған дейін отандық телеарна тілшілерінің біріне кісі өліміне күдіктінің көршісі оның бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істегенін және аң аулауды жақсы көретінін айтқан.
Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа түсініктеме беруді сұрағанда, күдіктінің ішкі істер органдарына еш қатысы жоқтығын, оның ол жерде қызмет етпейтінін және бұрын да істемегенін хабарлады.
20 қазанда елордада ер адам 55 жастағы әйелін атып, бес жасар баланы жарақаттады. 59 жастағы ер адам ажырасса да үйді бөлісе алмағандықтан бұрынғы әйелімен, үлкен ұлдарымен бірге тұрып жатқан. Қанды оқиға болған күні үйіне басқа некеден туған бес жасар баласы қонаққа келген. Әйелмен бірге ол бала да оққа ұшқан. Әйелі оқиға орнында көз жұмса, бала ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.