Полиция қызметкерлері Ресейде - 60 жастан, Жапония, Германияда - 65 жастан шығады.
ERNUR.KZ. ҚР Парламенті Сенатында полицияның қызметтік моделін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үкіметтік сағатта ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазіргі кезде полиция қызметкерлерінің зейнетке шығу жасын ұлғайту мәселесін қарастырып жатқандарын айтты, деп жазады zakon.kz.
"Шынында да, қазіргі уақытта біздің полиция қызметкерлері өте тәжірибелі, кәсіби әлеуетке ие, олардың көпшілігі 45-55 жасында қызметтен кетуге және зейнетке шығуға мәжбүр. Олар қазір әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Біз зейнетке шығу мәселесін көтеріп жатырмыз", - деді Тұрғымбаев.
Атап айтқанда, майор шеніндегілердің зейнетке шығу жасын 52 жасқа дейін ұлғайту жоспарланып отыр, яғни 4 жыл қосылады, сонда подполковниктер үшін 55, полковниктер үшін 58 және аға басшылық үшін 63 жас.
"Біз осы жайттың жобасын әзірлеп, жоспарлап, талқылайтын боламыз. Басқа елдерде бұл мәселе басқалай шешіледі. Мысалы, Ресейде - 60 жас, Жапонияда, Германияда - 65 жас. Біз де осы мәселені пысықтағымыз келеді", - деді министр.