​Премьер-Министр Қазақстан жазушылар одағының өкілдерімен кездесті

0
2 125

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев одақтың төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған «Қазақстан жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өткізді.


​Премьер-Министр Қазақстан жазушылар одағының өкілдерімен кездесті

ERNUR.KZ.Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев одақтың төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған «Қазақстан жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кездесу барысында Қазақстанның Жазушылар одағының жаңа шығармашылық жобалары мен қазіргі мәселелері талқыланды» делінген хабарламада.

Қазақстанның жазушылар одағы – еліміздің әдебиетші қауымын біріктіретін республикалық қоғамдық бірлестік формасындағы шығармашылық ұйым.

Жазушылар одағының құрылымында қазақ, орыс, ұйғыр (1932 жылдан бастап), неміс және кәріс (1977 жылдан бастап) әдебиеті бойынша шығармашылық секциялар бар.

Өңірлік құрылымында – Астана, Қарағанды, Семей, Орал, Шымкентте 5 облысаралық бөлімшелері бар.