Премьер-министр Үкімет мүшелеріне: Халықтың табысы неге төмен?

0
1 868

«11 айдың қорытындысы бойынша өтетін отырысқа барлықтарыңыз осы сұраққа жауап беруге дайын болыңыздар», - деді Бақытжан Сағынтаев.


Премьер-министр Үкімет мүшелеріне: Халықтың табысы неге төмен?

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті әкімдіктерге қазақстандықтардың нақты табысына сараптама жасауды тапсырды, деп жазады Baq.kz.

«Бәрі сол «статистиканың мәліметі дұрыс емес» деген әңгімеге тіреледі. Болмаса, орташа жалақы жоғары дейсіздер. Халықтың нақты табысы төмен. Оған не себеп? Соған анализ керек. Бұл бірінші кезекте құзыретті органдар: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті жердегі әкімдіктердің жұмысы», - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда премьер-министр келесі айда өтетін Үкімет отырысында аталған мәселе қайта қаралатынын жеткізді.

«11 айдың қорытындысы бойынша өтетін отырысқа барлықтарыңыз осы сұраққа жауап беруге дайын болыңыздар», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Премьер-министр Тимур Сүлейменовке де арнайы тапсырма берген болатын.

Айта кетейік, өткен аптада Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Жиында электр және жылу энер-гияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы бағаның белгіленуіне бақылау жасайтын мемлекеттік ор¬гандардың іс-қимылдарына арналды.

Отырыста Президент елімізде жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі халықтың коммуналдық төлем тарифтерінің жоғары екендігіне алаңдаушылық білдіргенін атап өткен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне тарифтертерді төмендететін жүйелі іс-шараларды әзірлеу міндетін жүктеген болатын.