Президент әкімдер мен министрлер жалақысын көтеруге мораторий жариялауды ұсынды

0
558

Тоқаев әкімдер мен депутаттарға ұнамайтын шешім қабылдады.


Президент әкімдер мен министрлер жалақысын көтеруге мораторий жариялауды ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында аймақ әкімдері мен министрлердің жалақысын көтеруге мораторий жариялауды ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Әкімдер мен министрлер жалақысы өткен жылы кеңінен талқыланды. Сондықтан аймақ әкімдері мен министрлер жалақысын көтеруге 5 жылға мораторий жариялауды ұсынамын" - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлерінің жалақысын экономика мен бюджеттің мүмкіндігіне қарай көтеру керек.