Президент Атырау облысы әкіміне қоңырау шалды

0
686

Президент облыстағы бірде-бір отбасы мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтып, оларға сәлем жолдап, барынша қолдау көрсетілетінін айтты.


Президент Атырау облысы әкіміне қоңырау шалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновке қоңырау шалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Мемлекет басшысы Аймақтағы су тасқынын бақылауда ұстап отыр. Су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған шаралар қабылданады әрі күшейтіледі. Үкімет су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектеседі, зиян келтірілген материалдық шығын толығымен өтелетін болады", – делінген хабарламада.

Президент облыстағы бірде-бір отбасы мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтып, оларға сәлем жолдап, барынша қолдау көрсетілетінін айтты.