Президент азық-түліктің бағасын реттеуді тапсырды

0
637

Мемлекет басшысы ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз етуді тапсырды.


Президент азық-түліктің бағасын реттеуді тапсырды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны биыл екі есеге төмендетуді тапсырды, деп жазады sputnik.kz.

Премьер-министрді тағайындауға жиналған мәжілістің жалпы отырысында президент жаңадан құрылатын үкіметтің алдында бірқатар міндет қойды. Соның бірі инфляция.
"Инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек.