Президент: «Балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны қатаңдату керек»

0
1 164

Тоқаев азаматтардың құқығы еленбейтінін айтты.


Президент: «Балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны қатаңдату керек»

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға жасалған қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Президент Парламенттің біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясы барысында айтты.

«Біз заңнаманы гуманизациялаумен айналысып кеттік, салдарынан азаматтардың құқығын елемейміз. Жедел түрде сексуалды зорлық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасымен айналысатындарға, ауыр қылмыс жасағандарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыс жасағандардың жазасын күшейту қажет», - деді Тоқаев.