Президент екі адамды Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босатты

0
2 529

​Сенат депутаттары Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынымын қолдап дауыс берді.


Президент екі адамды Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босатты

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жоғарғы Сот судьялары Анатолий Смолин мен Серік Әбдінасыров қызметтерінен босатылды, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекет басшысының ұсынымын Сенат өкілдеріне Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов таныстырды.

«Сіздердің қарауларыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбдінасыровты Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр. Президент Жарлығымен Смолин Қостанай облысы сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар, судья Серік Әбдінасыров зейнеткерлік жасқа толуына байланысты отставкаға шығу туралы өтініш берді. Құрметті депуттар, сіздерден Анатолий Смолинді басқа судьялық қызметке ауысуына, сондай-ақ Серік Әбдінасыровтың отставкаға шығуына байланысты Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымын қолдауды сұраймыз», - деді Жоғарғы Сот кеңесінің басшысы.

Депутаттар әр судья бойынша жеке-жеке қаулы қабылдап, Президенттің ұсынымын қолдап дауыс берді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жоғарғы Сот судьялығынан босатылған қос азаматқа атқарған жұмыстары үшін әріптестерінің атынан алғыс білдірді.