Президент Екібастұз жылу электр орталығын мемлекетке қайтару шартын жариялады

0
779

Бұған дейін депутаттар нысан қожайыны жылу электр орталығын мемлекетке бір теңгеге сатуға дайын екенін мәлімдеген болатын.


Президент Екібастұз жылу электр орталығын мемлекетке қайтару шартын жариялады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз жылу электр орталығы мемлекет меншігіне қандай шартпен сатып алынатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін депутаттар нысан қожайыны жылу электр орталығын мемлекетке бір теңгеге сатуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Президент те оны біліп отыр. Тоқаев станция иесінің жауапкершілігін ескеру керек деп санайды.
"90 пайызға тозған Екібастұз жылу электр орталығын мемлекетке 1 теңгеге сату туралы ұсыныс зерделеуді қажет етеді. Бұл нысанға тәуелсіз аудит жүргізу керек. Әбден тозған орталықты мемлекет тиімді басқара ала ма, ең алдымен, осыны зерттеу керек. Кәсіпорынның 50 пайызын алып, меншік иесіне Жылу электр орталығын күрделі жөндеуден өткізуді тапсырған жөн", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров олигарх Александр Клебанов өзі бақылайтын Екібастұз жылу электр орталығын апатты күйде мемлекетке 1 теңгеге сатқысы келетінін мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, Екібастұз қаласының әкімшілінде өткен жиналыста бай бизнесмен осындай ұсыныс тастаған. 27 қарашаға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да қазандықтар істен шығып, тұрғындар қақаған аязда жылусыз қалды. Ертесіне қалада төтенше жағдай жарияланды.
Айта кетері, олигарх Александр Клебанов – "Екібастұзжылуэнергия" ЖШС құрылтайшысы.