ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ
Бұл туралы Мемлекет басшысы twitter парақшасында жазды.
«Өкінішке қарай, к/вирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін», - деп жазды Президент.
Еске салсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқшауланғаны туралы хабарлаған болатынбыз.