Президент шетелдіктерді тіркеуден босатуды тапсырды

0
782

Тоқаев шетелдік қонақтардың шекаралық бақылаудан өтуінің өзі көші-қон тіркеуі болып табылатынын атап өтті.


Президент шетелдіктерді тіркеуден босатуды тапсырды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көші-қон полициясы органдарында шетелдік азаматтарды міндетті тіркеуден босатуды тапсырды. Бұл туралы президент Алматы әкімдігінде өткен кеңес барысында айтты, деп жазады Stan.kz.

Президенттің сөзінше, әлеуметтік-экономикалық саясатта үкімет пен әкімдер жұмысының негізгі бағыттарының бірі – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттары мен принциптерін енгізуді жеделдету.

«ЭЫДҰ стандарттарына тоқталсақ, егер біз үлкен қалалар мен тұтас мемлекеттің инвестициялық және туристік тартымдылығын күшейткіміз келсе, қысқа мерзім ішінде шетелдіктерді көші-қон полициясы органдарында міндетті тіркеу сияқты анахронизмнен арылу керек. Шетелдік қонақтарға келтірілетін қолайсыздықтан бөлек, міндетті тіркеу – бұл үлкен сыбайлас жемқорлықтың көзі. Өз кезегінде бұл Алматының, тұтас мемлекеттің беделіне теріс әсер етеді», - дейді президент.

Тоқаев шетелдік қонақтардың шекаралық бақылаудан өтуінің өзі көші-қон тіркеуі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы үкіметке аталған мәселені жаңа жылға дейін шешуді тапсырды.