Президент сыйлығын Аяз ата мен Ақшақар үйде табыстайды

0
1 979

Президенттің атынан жаңажылдық сыйлық жиынтығы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 балаға беріледі.


Президент сыйлығын Аяз ата мен Ақшақар үйде табыстайды

ERNUR.KZ. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Президент пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің сыйлықтарын Аяз ата мен Ақшақар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, оқушылардың үйіне жеткізіп береді, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

Президенттің атынан жаңажылдық сыйлық жиынтығы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 балаға беріледі.

Кеше балаларға жаңажылдық сыйлықтар, яғни - Президенттің құттықтау хаты, кітап және «Оrchestra» дүкендерінен киім сатып алуға 100 мың теңгеге сертификат, тәттілер мен үстел ойыны табысталды, - деді ол.

Сонымен қатар бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан жаңажылдық сыйлық жиынтықтары аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға және әр түрлі жетістіктерге жеткен дарынды 450 балаға табысталады.

Балаларға жаңажылдық сыйлықтарды Аяз ата мен Ақшақар баланың үйіне барып салтанатты түрде табыстайды. Жаңажылдық іс-шаралар барлық білім беру ұйымдарында бекітілген жоспарға сәйкес онлайн форматта өтеді, - деді басқарма басшысы.