Президент жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды

0
1 270

13 шілде - коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні.


Президент жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.


"Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялансын", - делінген құжатта.