Президент жаңа жәрдемақыда неліктен отбасы табысы ескерілмейтінін түсіндірді

0
779

Үкімет алдында мұқтаж отбасыларды атаулы әлеуметтік көмекпен әділ қамтамасыз ету тапсырмасы тұр.


Президент жаңа жәрдемақыда неліктен отбасы табысы ескерілмейтінін түсіндірді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыда неліктен отбасының табысы ескерілмейтінін түсіндірді, деп жазады tengrinews.kz.

"Үкімет алдында мұқтаж отбасыларды атаулы әлеуметтік көмекпен әділ қамтамасыз ету тапсырмасы тұр. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар да бар. Осы орайда қоғамдастықтың және Ұлттық кеңес мүшелерінің жаңа форматтағы көмекті көрсету кезінде отбасы табысын ескермеу туралы ұсынысы ескерілді. Расында да әр табысты жеке-жеке есептеу туралы норма қиындау. Салдарынан ұрыс-керіс, ажырасу, "жұмыстан шығу", жемқорлық сияқты факторларды туады", - деп түсіндірді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Сондай-ақ, Тоқаев отырыс барысында Ұлттық банк өкілдеріне валюта айырбасына қатысты мәліметтерді қолжетімді етуді тапсырды.

Бұдан бөлек, Президент митингілерге қатысты ойын айтты. Тоқаев митинг мәдениетін қалыптастыратын уақыт келгенін айтты.