Прокуратура қаңтарда Алматыда оқ атқан 4 снайпердің үшеуін іздеп жатыр

0
490

Арнайы прокурорлар сот-молекулярлық генетикалық сараптама нәтижелерімен Алматы қаласында қаза тапқан снайпердің жеке басы анықталды.


Прокуратура қаңтарда Алматыда оқ атқан 4 снайпердің үшеуін іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғалары кезінде полицияға оқ атқан 4 снайпердің үшеуі іздестіріліп жатқанын мәлім етті, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Арнайы прокурорлар сот-молекулярлық генетикалық сараптама нәтижелерімен Алматы қаласында қаза тапқан снайпердің жеке басы анықталды. Барлығы 4 оқ атушы болды. Қаза тапқанның денесін жақтастары өздерімен бірге алып, қалалық аурухана маңында қалдырып кеткен. Кейін ол қалалық мәйітханада анықталды. Ол С есімді азамат болып шықты. Қаралы қаңтар оқиғалары кезінде ол тұрғын үйдің төбесіне орналасып, Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне көздеп оқ атқан. Қазіргі уақытта қалған 3 террористі анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде», - деді Елдос Қилымжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғаларының жаңа мәліметтері анықталуына қарай жұртшылықтың назарына жеткізіледі.