Прокуратура вайнерлердің ісін сотқа жіберді

0
724

Іс бойынша Ораз А. мен Саидбаев А. халықаралық іздеуге жарияланды.


Прокуратура вайнерлердің ісін сотқа жіберді

ERNUR.KZ. Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында инвестициялық пирамида құру және басқару ісін прокуратураға жіберді, деп жазады sputnik.kz.

Іс бойынша Ораз А. мен Саидбаев А. халықаралық іздеуге жарияланды.
Іс аясында 41 жылжымайтын мүлік, 3 көлік, 9 банктік есепшот және 16 компания жарғылық капиталындағы түрлі үлеске бұғат қойылды.
Іс бойынша айыптауды процессуалдық прокурор қолдайды.
20 сәуірде қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынды. Олардың арасында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар.
Олар бұған дейін Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі ("Қаржы пирамидасын құру және басқару") бойынша Алматы қалалық ІІД-нің тергеу бөлімі тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған болатын.