​Пәтер кезегінде тұрған екі мыңға жуық адам кезектен шығып қалды

0
1 631

Алматыда пәтер кезегінде шамамен 20 800 тұрғын бар. Электронды түгендеу кезінде кезектен 1847 адам шегерілді.


​Пәтер кезегінде тұрған екі мыңға жуық адам кезектен шығып қалды

Алматыда 2017 жылы пәтер кезегінен 1847 адамды алынып тастаған. Бұл туралы Алматы қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өткен жылғы жұмысын қорытындылаған баспаөз конференциясында айтылды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ kursiv.kz порталына сілтеме жасап.

"Алматыда пәтер кезегінде шамамен 20 800 тұрғын бар. Электронды түгендеу кезінде кезектен 1847 адам шегерілді. Кезете тұрғандар көбіне 1 және 2 бөлмелі пәтерден үмітті. 1041 тұрғын үйлі болып өздері бұл кезектен шыққан. Ал, 372 кезек күткен адамдар басқа қалаға көшіп кетсе, 431 тұрғын о дүниелік болу нәтижесінде кезектен шығарылған",-деді Алматының тұрғын үй және тұрғын үй испекциясы басқармасының басшысы Әнуар Өскенбаев.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша пәтер кезегінде тұрған 30% тұрғын жаңа үйлерінде қоныс тойын тойлады. Жаңа пәтерлердің басым бөлігі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында иелерін тапты. «Жас қанат» шағын ауданында жалдамалы пәтердің төлемақысы айына 60 шаршыметрге 47 мың теңгені құрайды, орташа есеппен үйдің сатылым құны 12 миллион теңге, 20 жыл пәтер несиесін төлеу қажеттілігі туындайды. Қарапайым халық 80 шаршыметрлік үйді ала алмау себебінен мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлердің дені екі бөлмелі.