ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар 7 тәулікке дейін карантинде болады: жаңа қаулы шықты

0
595

Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.


ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар 7 тәулікке дейін карантинде болады: жаңа қаулы шықты

Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдік ПТР анықтамасы болмаса 7 күндей карантин стационарына жатызылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сайтында Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.


«Қазақстанға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтамасы болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін, COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады», - делінген құжатта.