Сочиде Ресей және Қазақстан президенттерінің кездесуі өтті.
ERNUR.KZ. Ресей мен Қазақстанның қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ аясында бірлескен оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин Сочидегі кездесу кезінде мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Біздің министрліктер мен ведомстволар, сыртқы істер министрліктері белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Олар бірлесіп түрлі шаралар өткізуге дайындық үстінде, соның ішінде ҰҚШҰ аясында өтетін әскерилердің бірлескен оқу-жаттығу бар", - деді Путин.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Сочиде Ресей және Қазақстан президенттерінің кездесуі өтті.