Алматыдағы Александр-Невский шіркеуі алдында Невскийдің ескерткіші ашылған болатын.
ERNUR.KZ. Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединцкий Алматыда Александр Невскийге ескерткіш орнатуға қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.
Оның айтуынша, Қазақстанда алғаш рет орыстың тарихи қаһарманына ескерткіш орнатылып отыр.
"Невский барлық халықтарды үрейде ұстаған Бату ханмен іскерлік қарым-қатынас орната білді. Батудың ізбасары Берке ханмен де келісімге келе білген. Беркемен ешкім келісе алмайтын, ол өте қатал адам болған", - деді Мединский.
Айта кетері, Алматыдағы Александр-Невский шіркеуі алдында Невскийдің ескерткіші ашылған болатын. Қоладан құйылған ескерткіште бейнеленгендей, князьдің қолында Аспан патшайымының ғажайып иконасы бар.