Ол рұқсат етілмеген жерде суға түскен.
ERNUR.KZ. Теміртау қаласында жас жігіт техникалық каналға батып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиғка 15 маусым күні сағат 14:40-та болған. 20 жастағы жігіт "Qarmet" компаниясына қарасты техникалық каналға 1-көпірдің жанында суға түскен.
"Құтқарушылар іздеу жұмыстары кезінде сағат 14:50-де судан батып кеткен адамның денесін алып шықты", - дейді департамент мамандары.
Қайтыс болған жігіт рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Осы орайда құтқарушылар қауіпсіздік шаралары сақтауға және жабдықталмаған жерлерде суға түспеуге кеңес берді.