«Qnet» қаржы пирамидасының басшылары қамауға алынды

0
460

Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктілерге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.


«Qnet» қаржы пирамидасының басшылары қамауға алынды

ERNUR.KZ. Көкшетауда «Qnet» қаржы пирамидасының басшылары 2 айға қамалды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласының аумағында «Qnet» халықаралық компаниясы өнімдерінің интернет-саудасын жамылып жұмыс істеген қаржы пирамидасының басшылары тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қылмыстық істі тергеу аясында күдіктілер Қылмыстық процессуалдық кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Көкшетау қалалық ПБ уақытша қстау оқшаулағышына қамалды. Сонымен бірге, Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктілерге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесінде жария етілмейді», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.