QR-төлемдер ХҚО-дағы қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді

0
2 847

Енді азаматтар қандайда бір қызметті алған кезде төлем жасау үшін менеджерден QR құрып беруін өтініп, сосын өзінің смартфоны арқылы бірнеше минуттың ішінде төлей алады.


QR-төлемдер ХҚО-дағы қызмет көрсету уақытын қысқартуға  мүмкіндік береді

«Азаматтарға арналған үкімет» QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттік қызметтер қатарын ұлғайтты. Енді қазақстандықтар смартфондары арқылы елдегі ХҚО-да кез келген мемлекеттік қызметтің төлемін бірнеше секундтың ішінде жолдай алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

QR-код арқылы, мысалы, жер учаскесіне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, банктан қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын беруді, кондоминиум объектісін, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтер үшін төлем жасауға болады.
«Пандемия кезінде ұзын-сонар кезектің алдын алу керектігін түсінеміз, сондықтан процестерді барынша автоматтандырып, қызмет алушыларға ыңғайлы етуге тырысып жатырмыз. Мемлекеттік қызметтер үшін QR-төлем жасау жобасы бірнеше ай бұрын іске қосылды және осы уақыттың ішінде біз тиісті құрылғыны барлық 339 халыққа қызмет көрсету орталығына орнаттық», – деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.
Азаматтар ХҚО-да мемлекеттік қызметтердің ақысын Homebank және Kaspi.kz қосымшасында QR-код арқылы кезексіз, қауіпсіз және тез төлей алады.
Енді азаматтар қандайда бір қызметті алған кезде төлем жасау үшін менеджерден QR құрып беруін өтініп, сосын өзінің смартфоны арқылы бірнеше минуттың ішінде төлей алады. Айта кету керек, әр клиент үшін әрбір қызмет бойынша жеке QR-код жасақталады.