ҚР СІМ Оңтүстік және Солтүстік Корея басшыларының кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады

0
1 313

Қазақстан ядролық қарусыздандыру тәжірибесі бар ел ретінде «Корей түбегінің бейбітшілігі, гүлденуіжәне бірігуі туралы Пханмунджом декларациясын» құптайды жәнеКорей түбегінің ядролық қарусыз мәртебесіне қол жеткізу бойынша екі елдің уағдаластығын толық қолдайды.


ҚР СІМ Оңтүстік және Солтүстік Корея басшыларының кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 27 сәуірде Пханмунджом шекара бекетінде Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инмен КореяХалық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын арасындағы саммитті құптайды және корейаралық диалогты жандандыруға, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР СІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Корей түбегіндегі жағдайды диалог пен келіссөздер арқылыреттеу процессін қолдайды және саяси-дипломатиялық шешімкүрделі халықаралық мәселелерді қарастырудағы жалғыз дұрыс амал болып табылатындығына сенімді.

Қазақстан ядролық қарусыздандыру тәжірибесі бар ел ретінде «Корей түбегінің бейбітшілігі, гүлденуіжәне бірігуі туралы Пханмунджом декларациясын» құптайды жәнеКорей түбегінің ядролық қарусыз мәртебесіне қол жеткізу бойынша екі елдің уағдаластығын толық қолдайды.

Осы жылдың басынан бері екі Кореяарасындағы белсенді диалог корейаралықсаммит және Пхеньянның ядролық сынақтардан және зымырандарды ұшырудан бас тартуы сияқты айтарлықтай нәтижелерге жеткізді.

Осытұрғыда, ең ірі ядролық сынақ полигонын жабу, ядролық арсеналдан бас тарту, тиісті әскери инфрақұрылымды жою, ЯҚТШ мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты іске асырып, ілгерілетуге қатысу туралы Қазақстанның шешімі еліміздің табысты және тұрақты дамуының кепіліне, белсенді сыртқы саяси бағыттың негізіне және аймақтық қауіпсіздіктің маңызды факторларының біріне айналуы үлгілі жағдай болып табылады" делінген мәлімдемеде.