Райымбек Баталов "Атамекен" ҰКП басшысының міндетін атқарушы болды

0
714

18 ақпанда Ұлттық палатаның басқару органдары, оны реформалау, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланады.


Райымбек Баталов

Райымбек Баталов палатаның кезектен тыс IX съезі барысында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ұлттық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталов "Атамекен" ҰКП съезінде төраға міндетін атқарушы болып сайланды", - делінген хабарламада.

Съезд 18 ақпанда өтеді. Шарада Ұлттық палатаның басқару органдары, оны реформалау, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланады.