РЕФЕРЕНДУМ: Алдын ала қорытынды жарияланды

0
454

Соңғы мәліметке сәйкес, кешегі референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,66 проценті дауыс берген.


РЕФЕРЕНДУМ: Алдын ала қорытынды жарияланды

Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Орталық референдум комиссиясы АЭС салу бойынша өткен республикалық референдумның алдын ала қорытындысын жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Бүгін таңғы сағат 8:00 жағдай бойынша барлық жерде дауыс санау аяқталды. Соңғы мәліметке сәйкес, кешегі референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың (12 284 487 адам) 63,66 проценті (7 820 204 адам) дауыс берген.
Референдумның алдын ала нәтижесі:
Қолдағандар – 71,12 процент (5 561 937 адам);
Қарсы дауыс бергендер – процент 26,15 (2 045 271 адам);
Жарамсыз және есепге алынбаған дауыстар – 2,73 процент ( 212 991 бюллетень)
"Жауаптың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдердің саны - 82 724, белгіленген үлгідегі дауыс бергендердің ерік білдіруін айқындау мүмкін емес және жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны 130 267 дананы құрады", - деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Айта кетері, бұған дейін қоғамдық ұйымдар сауалнама – exit-poll нәтижесіне жариялаған болатын.
"Астана - кешенді әлеуметтік зерттеулер институты" қоғамдық қоры ИКСИ "СОЦИС-А" өткізген exit-poll нәтижесі:
"Иә" - 69,8 процент;
"Жоқ" - 30,2 процент.
"AMANAT" партиясының "Қоғамдық саясат институты" жекеменшік мекемесі өткізген exit-poll нәтижесі:
"Иә" - 72,3 процент;
"Жоқ" - 27,7 процент;
“Еуразиялық интеграция институты” ЖШС жүргізген exit poll нәтижесі:
“Иә” - 71,8 процент;
“Жоқ” - 28,2 процент;