Ресей бидайын неліктен Қазақстанға әкелуге тыйым салынды

0
237

Бұған дейін Жұманғарин сағат белдеуін өзгерту туралы соңғы шешім қабылданғанын айтқан болатын.


Ресей бидайын неліктен Қазақстанға әкелуге тыйым салынды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ERNUR.KZ. Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин 2024 жылғы 23 қазанда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ресей бидайын әкелуге неге тыйым салынғанын және бұл Қазақстанның ішкі нарығына қалай әсер ететінін айтты, деп жазады zakon.kz.

Экспорт туралы сұраққа Жұманғарин оның Қазақстанда ішкі нарықты реттеуден басталатынын нақтылады.

"Неліктен біз ресейлік бидайды импорттауға тыйым салдық? Бұрын біз бидайды өңдеумен айналысатындарға ғана әкелуге мүмкіндік беретін уақыт шектеулерін енгіздік. Бірқатар шектеулер қойсақ та, онымыз іске аспады. Бидай әртүрлі сылтаулармен әкелінді, артынша экспортталды, соның ішінде сұр схемаларда кездесті. Біз енгізген жаңа тыйым ішкі нарықты қорғаумен байланысты емес, ішкі нарықтағы бағаны реттеуді көздейді. Қазірдің өзінде нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз", — деп толықтырды Жұманғарин.

Оның айтуынша, сұр бағамен әкелінетін тоннасына 60-80 доллардан төмен бағадағы бидай импорты нарықты бұзады және отандық фермерлердің адал еңбегін жоққа шығарады. Сондай-ақ, бұл экспортта да қиындықтар туғызбай қоймайды.

Бұған дейін Жұманғарин сағат белдеуін өзгерту туралы соңғы шешім қабылданғанын айтқан болатын.