Қазақстанда үш жылу электр станциясын ресейлік "Интер-РАО" компаниясы салады.
ERNUR.KZ. Ресей Қазақстанға жылу электр станцияларын салуды биыл бастауы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп жазады baq.kz.
Ведомство басшының сөзінше, Қазақстанда үш жылу электр станциясын ресейлік "Интер-РАО" компаниясы салады.
Құрылыс жұмысын биыл бастау мүмкіндігі бар, жоба айтарлықтай ілгеріледі. Қалған жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу аяқталуда, оның нәтижелері бойынша техникалық шешімдер бекітіліп, тиісті зауыттарда жабдықтарға тапсырыс беріледі, - деді Алмасадам Сәтқалиев.