Ұсталғандардың барлығы Кавказ елінің тумасы, үшеуі Ресей Федерациясының азаматы болып шықты.
ERNUR.KZ. Мәскеудің Жаңа Ватутинки ауданында болған резонастық оқиғаға қазақтардың қатысы жоқ, деп жазады sputnik.kz.
"Ватутинкидегі оқиғаға қатысты ұсталған төрт адам Кавказ елдерінің бірінің тумасы. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары олардың арасында қазақтар бар деп жазған еді. Ұсталғандардың ішінде қазақтар жоқ", - деп хабарлады РИА Новостиге ішкі істер министрлігіндегі дереккөз.
Министрліктің хабарлауынша, ұсталғандардың үшеуі – Ресей азаматы, біреуі – таяу шетел тумасы.
Еске сала кетсек, ресейлік телеграм-каналдардың бірі ер адам мен оның баласына тап бергендердің үшеуі қазақ және біреуі әзербайжан екенін жазған еді. Күдіктілер Қазақстанның батысы мен Әзербайжаннан көшіп келгені хабарланды.
Мәскеуде болған төбелес
Бірер күн бұрын желіде төрт жігіттің жанында баласы бар ер адамға тап бергені түсірілген видео тарады. БАҚ жанжал шығарғандардың басқа елден келгендер екенін жазды.
Полиция осы оқиғаға қатысты тексеріс бастады. Зардап шеккен ер адам бұзақылардың төрт жасар баласын жағынан тартып жібергенін және біреуінің қолында пышақ болуы мүмкін екенін айтқан.
Әуелі бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ кейін тергеу комитетінің төрағасы істі "Адам өлтіруге оқталу" бабына ауыстыруды тапсырған.