Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VI саммитіне қатысады.
ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин елордаға келді, деп жазады Экспресс К.
Астана әуежайында оны ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VI саммитіне қатысады. 11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып отыр.
Сонымен қатар РФ Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия — Ресей" саммитіне қатысады деп күтілуде.