Ресейден жеткізілген 743 тонна бидай кері қайтарылды

0
589

​24 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өсімдіктер карантині саласында 72 бұзушылық анықталды.


Ресейден жеткізілген 743 тонна бидай кері қайтарылды

ERNUR.KZ. Фитосанитариялық талаптарға жауап бермейтін карантинге жатқызылған бірқатар өнімің шекарадан бері өтуіне тосқауыл қойылды, деп жазады inbusiness.kz.

Ресей Федерациясынан 743 тонна бидай, арпа, картоп, ноқат, қызанақ, қияр, бұрыш, қызылша, баялды, алма, банан, кептірілген жемістер, 265 м3 ағаш материалдары және 10 479 дана шөпті өсімдіктердің көшеттері және гүл дақылдарының тамырлары, Қырғызстаннан 57,2 тонна алма, алмұрт, шырғанақ, Ауғанстаннан 10 тонна кептірілген өрік, Түркиядан 20 тонна кептірілген өрік, Өзбекстаннан 0,35 тонна жүзім, құрма, қауын тұқымы, жоңышқа тұқымы және 10 дана шырша көшеттері кері қайтарылған.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзуға жол берген тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,8 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Жыл басынан бері АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары өсімдіктер карантині саласында 4,9 мың заң бұзушылықты анықтап, айыптылар 367,1 млн теңге әкімшілік айыппұл арқалады.