Ресейге барған қазақстандықтар биометриялық деректер тапсыруға міндеттеледі

0
227

Елшіліктегілер Ресей шекарасынан өту пункттеріндегі қосымша тәртіптерге алдын ала дайын болуды ұсынды.


Ресейге барған қазақстандықтар биометриялық деректер тапсыруға міндеттеледі

Sputnik / Виктор Антонюк

ERNUR.KZ. Ресей үкіметінің қаулысына сәйкес, Ресейде елге кіру және шығу кезінде шетел азаматтарынан, оның ішінде Қазақстан азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан биометриялық деректерін алу бойынша эксперименттік жоба басталды, деп жазады sputnik.kz.

Эксперименттің бірінші кезеңінде, 2024 жылдың 1 желтоқсанынан 2026 жылдың 30 маусымына дейін Мәскеу қаласының халықаралық әуежайларына (Домодедово, Шереметьево, Внуково және Жуковский), сондай-ақ Орынбор облысындағы "Маштаково" автомобиль өткізу пункті арқылы келетін Қазақстан азаматтары биометриялық деректерін, яғни бет бейнесі мен саусақ іздерін тапсыруға міндетті.
Екінші кезең 2025 жылдың 30 маусымынан 2026 жылдың 30 маусымына дейінгіуақытты қамтиды және эксперимент Ресейдің мемлекеттік шекарасындағы барлық өткізу пункттерінде күшіне енеді.
Бұл кезеңде елге кірген әрбір шетел азаматтың цифрлық профилі қалыптастырылады. Бұл ретте, мұндай профильді RuID қосымшасы арқылы өз бетінше құруға болады. Цифрлық профиль бірқатар мемлекеттік жүйеге, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жүйесіне енгізіледі.
Елшіліктегілер Ресей шекарасынан өту пункттеріндегі қосымша тәртіптерге алдын ала дайын болуды ұсынды.
Аталған талаптардан:
Ресейде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері;
дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері;
6 жасқа дейінгі балалар босатылады.