Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды

0
573

Олар - 69 және 71 жастағы Ресей азаматтары.


Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды

ERNUR.KZ. Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылды, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, құқықбұзушылар Алматы әуежайында анықталған. Олар - 69 және 71 жастағы Ресей азаматтары. Ерлі-зайыптыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылған.

"Алматы қаласы әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаулысымен құқықбұзушыларға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салынып, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығару түрінде жауапқа тартылды", - деді Көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары полковник Мадияр Айтуғанов.
Айта кетейік, биыл көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 986 азамат, оның 38-і қос азаматтық үшін жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, сот қаулысымен 155 шетелдік елден шығарылған.