Республикалық айтыстың жеңімпаздары жүлделерін Қостанайға аударды

0
713

Айтыста Аспанбек Шұғатаев бірінші орынды алса, екінші орынды Мұрадым Мерланов, ал үшінші орынды Рауан Қайдаров иеленген. Олар да алған жүлделерін өрттен зардап шеккендерге жіберді.


Республикалық айтыстың жеңімпаздары жүлделерін Қостанайға аударды

ERNUR.KZ. Павлодарда өткен “Айбыны биік Ата заң" атты республикалық айтыста топ жарған ақындар жүлделерін тұрғындары өрттен зардап шеккен Қостанай обылысына аударды, деп жазады exk.kz.

Павлодарда өткен "Айбыны биік Ата заң" атты республикалық айтыста бас жүлде алған Мұхтар Ниязов 1 миллион теңгесін Қостанайға аударды. Оның айтуынша, айтысты ұйымдастырушылар және ақындар ақылдаса келе, осындай қадамға баруды ұйғарған.

"Ақындар елдің, халықтың арқасында жүр ғой. Сондықтан мен ғана емес, ақындар, ұйымдастырушылар ақылдаса келе жүлдемізді өрттен зардап шеккен аймаққа көмек ретінде жіберуді ұйғардық. Бас жүлдеге 1 миллион теңге тігілді. Менен кейінгі ақындардың қанша жүлде алғанын білмеймін. Бірақ олар да ұтқан ақшаларын Қостанайға жіберді", — деді Мұхтар Ниязов.

Бұл айтыста Аспанбек Шұғатаев бірінші орынды алса, екінші орынды Мұрадым Мерланов, ал үшінші орынды Рауан Қайдаров иеленген. Олар да алған жүлделерін өрттен зардап шеккендерге жіберді.