Ринат Зайытов өзінің саяси партиясын құра ма? Ақынның өзі жауап берді (видео)

0
1 727

"Әблязов деген сәуегей "билік Ринатқа партия ашып береді"


Ринат Зайытов өзінің саяси партиясын құра ма? Ақынның өзі жауап берді (видео)

ERNUR.KZ. Айтыскер ақын Ринат Зайытов сайлаудан кейінгі ұсталуына қатысты пікір білдірді. Ринат не себепті халықтан тізерлеп кешірім сұрады? Ол өзінің саяси партиясын құра ма? Бұған ақынның өзі жауап берді. Бұл туралы Ирина Советжанқызының "Қамшы-сұхбат" хабарында айтылды, деп жазады stan.kz.

Ринаттың айтуынша, митингіге шыққаннан халық ұтпайды, керісінше ұтылады. Себебі онда қантөгіс болуы мүмкін.

"Митингіге біз аяқ астынан шықтық. Мені қамайтынын алдын ала білдім. 15 күнге қамайтын шығар дедім. Бірақ мені жастардың талабынан соң босатты. Сол сәтте өзімді бақытты ақынмын деп сезіндім. Жастардың мені қолдап шығатынын білмедім. Митингіден халық ұтпайды, ұтылады. Қантөгіс болған жағдайда, біреу бауырынан, біреу қарындасынан айырылуы мүмкін. Ондай жағдайдың болғанын қаламаймын. Сондықтан полицияға қарсыласпаған себебім сол", - деді ақын.

Зайытов не себепті халықтан тізерлеп кешірім сұрағанын айтты. Бұл жайт сайлау мен Әміржан Қосановқа тікелей байланысты екені белгілі.

"Маған егер алданып қалсаң не істейсің деген сұрақ қойды. Сол кезде "халықтан тізерлеп кешірім сұраймын" дедім. Қосановқа алдандым. Сондықтан айтқанымдай кешірім сұрадым. Мені түсінген халық кешірді деп ойлаймын. Әміржан Қосановтың атын да атағым келмейді. Оның өзінен "сізге алданып қалмаймын ба? "деп сұрағанымда, "жоқ, бауырым, бәрі дұрыс, ерекекше сөзім" деген еді", - деді Ринат.

Ол бүгінде партия құрудың шартын қарап жатқанын айтты. Бұрынғы ұстанымы мен көзқарасының өзгермегенін жеткізді. Алайда жанында ешқандай сенімді серігі жоқ екенін мойындады.

"Мен партия құрудың қандай талаптары бар екенін де білмеймін. Оны алдын ала зертету керек. Бәрі партия құру туралы айтып жүр екен. Әблязов деген сәуегей "билік Ринатқа партия ашып береді" депті. Оның сөзінің өтірігін дәлелдегім келеді. Қазір қасымда сенетін адамым да жоқ. Партия құрмай қалғанның өзінде де мен пікірімнен, көзқарасымнан айнымаймын", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін алаңға шыққан Ринатты полицейлер ұстап әкеткен еді. Ринат сайлауда Әміржан Қосановты қолдауға шақырғаны үшін халықтан кешірім сұрады. Кейін өзін полицейлердің босатқанын айтып видео жариялады.