Рөлде ұйықтап кеткен: Алматыда жүк көлігінің кабинасы жұлынып кетіп, жүргізуші көз жұмды (видео)

0
458

Кадрларда екі жүк көлігі көрсетілген. Соқтығысу салдарынан жүргізушінің кабинасы жұлынып кеткен.


Рөлде ұйықтап кеткен: Алматыда жүк көлігінің кабинасы жұлынып кетіп, жүргізуші көз жұмды (видео)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Алматы облысы Құлжа тас жолында екі жүк көлігі соқтығысты. Болжам бойынша 31 астағы ер адам рөлде ұйықтап қалып, қайтыс болған. Жол апатына қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралуда. Кадрларда екі жүк көлігі көрсетілген. Соқтығысу салдарынан жүргізушінің кабинасы жұлынып кеткен. Жол-көлік оқиғасының Талғар ауданындағы қызылту ауылының маңында болғаны хабарланды.

"Қызылтуда рөлде отырып, ұйықтап кеткен. Құлжа тас жолы", - делінген жазбада.

Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының екі жүк көлігінің қатысуымен болғанын растады. Сонымен бірге, Талғар аудандық ауруханасына жеткізу кезінде жүргізушілердің бірінің көз жұмғаны анықталды.


"Жол апаты Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 19 шақырымында, Қызылту ауылына бұрыла берісте болды. Жүргізушілердің бірі арақашықтық сақтамай, бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісінде тұрған жүк көлігімен соқтығысуға жол берді. Жол-көлік оқиғасынан Алматының 31 жастағы тұрғыны зардап шекті. Оны ауыр жарақаттармен Талғар ауруханасына жеткізіп, сол жерде көз жұмды", - деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ ведомство қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған.