Рудный қаласында 7 жасар бала құбыр төсеу үшін қазылған орға құлап қайтыс болды

0
188

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Рудный қаласында 7 жасар бала құбыр төсеу үшін қазылған орға құлап қайтыс болды

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 26 тамызында Қостанай облысы Рудный қаласында Октябрьдің 50 жылдығы көшесінде құбырларды төсеу үшін қазылған траншеяда 7 жасар балаға топырақ құлап, қайғылы оқиға болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға кезінде мердігер ұйымның жұмысшылары орнында болмаған. Баланың денесін ТЖД құтқарушылары шығарды.

Аталған факт бойынша полиция архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе нормаларды бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады.

Тексеру жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеп-тексеру барысы Қостанай облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды. Тергеу мүддесіне сәйкес ҚК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.