Қазіргі кезде оқиға орнында апаттық бригада жұмыс істеп жатыр.
ERNUR.KZ. Қостанай облысының Рудный қаласында құбыр жарылып, 24 көпқабатты және 59 жер үйдің тұрғындары жылусыз қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай төтенше жағдай бүгін сағат 10:30-да болған.
«Горняков көшесі бойында жылу құбырының диаметрі 530 мм болатын бөлігі жарылды. Соның салдарынан 24 көпқабатты тұрғын үй, 59 жеке үй, 16 заңды тұлға жылудан ажыратылды. Құбырдың жарылған учаскесін анықтау керек», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде оқиға орнында «Рудный жылу желілерінің» апаттық бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Әкімдік өкілдері қысқа уақытта жылу беру толық қалпына келтірілетінін хабарлады.