Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза тапты

0
563

Тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған.


Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза тапты

ERNUR.KZ. Рудныйдағы "Соколовская" шахтасында жазатайым оқиға болды, деп жазады sputnik.kz.


Бұл туралы "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі" АҚ хабарлады.



"280 метр деңгейде жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмысшы қаза тапты",- делінген бірлестік хабарламасында.
Кен орны басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтты. Өндірістік бірлестік марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды.