Руслан Әлішев «Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры болды

0
834

Ал бұған дейінгі директор Талғат Бегімұлы Қалиев қызметінен босатылды.


Руслан Әлішев «Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры болды

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне Руслан Қанатханұлы Әлішев тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.