Руслан Бекетаев ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

0
2 464

2014 жылғы шілдеден қазіргі уақытқа дейін ҚР қаржы вице-министрі болды.


Руслан Бекетаев ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

Руслан Бекетаев ҚР қаржы вице-министрі қызметінен босатылды, деп жазады ERNUR.KZ Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің Қаулысымен Руслан Бақытжанұлы Бекетаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Руслан Бекетаев 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Әр жылдары ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының, ҚР Ұлттық банкінің, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің құрылымдарында, сондай-ақ қаржы полициясы мен Қаржы министрлігінің құрылымдарында түрлі лауазымдар атқарды.

2014 жылғы шілдеден қазіргі уақытқа дейін ҚР қаржы вице-министрі болды.