Сағадиев халықты жаппай компьютерлендіруді ұсынды

0
1 397

​Бұл ұсынысты еліміздің бас педагогы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкмет сағатында баяндады, -деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сағадиев халықты жаппай компьютерлендіруді ұсынды

Бұл ұсынысты еліміздің бас педагогы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкмет сағатында баяндады, -деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Білім саласын цифрландыру жайын сөз еткен министр бұл ең алдымен ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге жол ашатынын айтып өтті.

«Міндетті түрде, барлық ақпарат мысалы, мектептердің, жоғары оқу орындарының басшыларын тағайындау бойынша, гранттарды бөлуде, балабақ-шаға кезекке тұруда, аттестат пен диплом алу мәселесі, және тағы да басқа қызметтердің барлығы порталда ашық болуға тиіс. Кез-келген адам оны көре алады және барлық өзгерістерді, мысалы оқушының бағасын, балабақша-дағы кезек, ректорлыққа кандидат-тарды сол сияқты халыққа маңызды ақпаратты халық үнемі, ашық түрде бақылауда ұстайды және оны ешкім із қалдырмай өзгерте алмайды. Оны blockchain енгізу дейміз. Халықтың сенімі ақпараттың ашықтығына негізделеді», -деді.

Бұл шараны толығымен жүзеге асыру үшін Ерлан Сағадиев бірнеше бағыттан тұратын жұмыстарды тізбектеп берді.

Ол: біріншіден, барлық қажетті ақпарат он-лайн болу үшін, мұғалімдерді, балаларды, жалпы халықты компьютерлермен, ноутбу-термен, смартфондармен жабдықтау.

Екіншіден, интернет желісіне қол-жетімділік.

«Сіздер көріп отырғандай, бізге керек жылдамдықпен мектептердің 62% (алпыс екі) проценті интернетке қосылған, 37%-ы қосылмаған. «Цифрлік Қазақстан» программасына сәйкес, Үкіметте барлық мектептерді қосу бойынша нақты жоспары бар. Сонымен бірге НОБД, электрондық журнал, цифрлік білім ресурстары сияқты программа-сының барлық мектептерде болуы. Көріп отырғандай, қазір бізге әлі де басқа жұмыстар істеу керек»- деді ҚР БжҒ министрі.

Одан бөлек, әр программа-ның мобильдік версиясы болу керек. Ол ата-ана мен баланың бөлмеден шықпай, мобильді версиясы арқылы барлық жұмыстарын жасап, керек ақпаратты алып, мәселелерін бақылауда ұстауға мүмкіндік беретінін айтқан Ерлан Сағадиев: «Төртіншіден, бізге барлық деректерді бір жерге жинап, бар программа-ларының интеграциясын жасау керек болып тұр. Осы жұмыс былтырғы жылы басталып, 82 ақпараттық системаның өзара қосылуы және басқа да министерство-ларымен интеграциялау жұмыстарын 2 жыл ішінде бітіреміз деп отырмыз.

Біз әр бағытты белгілеп қойдық, облыстар бойынша компьютер-лермен, интернетпен камтамасыз ететін графиктері бар, ол слайдта көрсетілген. Енді Үкімет осы әкімдіктердің жұмысын бақылауда ұстайды», - деді.