​Сағынтаев әкімдіктерге «7-20-25» бағдарламасын кеңінен түсіндіруді тапсырды

0
1 088

Премьер-министр «7-20-25» бағдарламасы бойынша қаржы бөлу мәселесі толығымен шешілгенін атап өтті.


​Сағынтаев әкімдіктерге «7-20-25» бағдарламасын кеңінен түсіндіруді тапсырды

ERNUR.KZ. Бақытжан Сағынтаев Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы бойынша жүзеге асырыла бастаған «7-20-25» бағдарламасын өңірлерде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

Алдымен Үкімет басшысы аталған бағдарлама бойынша өңірлерде жұмыс жүргізіліп жатқанымен, оның қарқыны баяу екенін атап өтті.

«Көптеген өңірлерде жұмыс қарқыны төмен. Ол түсінікті де. Алдағы уақытта сұраныс артса, үй құрылысының қарқыны жоғары болады деген үміттемін. Өйткені, коммерциялық ұйымдар сұраныс болмаған соң үй салмайды. Ал қазіргі таңда аталған жұмысты ұйымдастыру үшін әкімшіліктер барлық құрылыс компанияларын жинап, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Олар қажетті банктермен жұмыс жүргізуі шарт», - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, премьер-министр «7-20-25» бағдарламасы бойынша қаржы бөлу мәселесі толығымен шешілгенін атап өтті.

«Аталған бағдарлама бойынша қаржы мәселесі шешілген. Ешнәрседен қорықпай, сол ипотека арналған үйлерді соғуға мүмкіндік бар. Осыған баса назар аударуларыңызды сұраймын», - деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы.