Сағынтаев «ҚазАвтоЖол» басшысына: Сонда екі жыл бойы не істедік?

0
1 441

Өз кезегінде Ермек Қизатов жобалар аяқталуға жақындағанын, облыстармен пысықталғанын айтып бақты. Алайда Үкімет басшысы «ҚазАвтоЖол» ҰК басшысының айтқан уәжімен келіспеді.


Сағынтаев «ҚазАвтоЖол» басшысына:  Сонда екі жыл бойы не істедік?

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жол бойында қызмет көрсету орындарын салуға жауапты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы Ермек Қизатовтың жұмысын сынға алды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ермек Әнуарбекұлы, слайдтарыңызда көрсетілген әр облыстағы істердің бәрі осыдан екі жыл бұрын айтылған стандарттарға жатпайды. Сіз екі жыл бұрын осында баяндағанда Қазақстан бойынша стандарттар бекітілді, типтік кешендер болады деп айтқан болатынсыз. Осы жолы тағы да Қызылорда облысын көрсетіп отырсыз. Араға екі жыл салып, «біз осындай модульді жасадық, енді соны бекітеміз» деп мәлімдеп жатырсыз. Сонда екі жыл бойы әр облыста өздерінің түсінігінше жұмыс істеген. Бұл ретте стандартқа сай ма немесе сәйкес келмей ме?

Оны айтып отырған себебім, біз бизнес өкілдерімен кездесіп тұрамыз. Осы бағытта көлік және логистика шаруаларымен айналысатын кәсіпкерлер бар. Олардың талаптары басқаша. Бизнесмендер сіздің көрсетіп отырған типтік модульдеріңізді сұрап отырған жоқ, яғни кәсіпкерлер басқа басымдықтарға назар аударуда. Сіздің түсінігіңіз бір бөлек, бизнестің талабы бір бөлек. Екі жыл өткеннен кейін «KazWay» (жол бойындағы сервистің модульдік павильоны) дегенді жасаймыз деп көрсетіп отырсыз. Сонда екі жыл бойы не істедік?», - деді Бақытжан Сағынтаев «ҚазАвтоЖол» басшысына қарата.

Өз кезегінде Ермек Қизатов жобалар аяқталуға жақындағанын, облыстармен пысықталғанын айтып бақты. Алайда Үкімет басшысы «ҚазАвтоЖол» ҰК басшысының айтқан уәжімен келіспеді.

«Сіздер аяқтағанға дейін, бүкіл облыстар өздерінің түсінігінде салып тастайды. Жолдың бойында бос жер жоқ. Сіз шетелге шығып жүрсіз, жолдың бойындағы қызметтердің қандай болатынын көрдіңіз. Қазір таныстырған жұмыстар сіздерге емес, әкімдерге тиесілі. Ол біз ойлаған типтік павильондарға сәйкес келмейді», - деді Премьер- Министр.