Сайлауда кім жеңсе де осы экономикалық саясат жалғаса береді – сарапшы

0
1 233

Егер Nur Otan кандидаты жеңіске жетсе, онда қазіргі экономикалық саясат жалғаса береді. Басқа кандидат жеңсе де алғашқы кезеңде осы саясатты жалғастырады.


Сайлауда кім жеңсе де осы экономикалық саясат жалғаса береді – сарапшы

ERNUR.KZ. Сайлаудан кейін экономикалық тұрғыды қандайда бір өзгерістер болады деп күтпеу керек. Егер Nur Otan кандидаты жеңіске жетсе, онда қазіргі экономикалық саясат жалғаса береді. Бұл туралы экономикалық сарапшы Айдархан Құсайынов «Президент сайлауы – 2019: сұрақтар және күтілетін нәтижелер» атты сараптамалық талқылау барысында айтты, деп жазады BAQ.KZ.

Сарапшының айтуынша, экономикалық бағдарламалар мен әрекеттер тұрғысынан қарайтын болсақ, бір адамның ғана стратегиясы белгілі.

«Алда өтетін сайлауға қатысушылардың эконокимкалық бағдарламасына келер болсақ, онда бір адамның ғана бағдарламасы бар екенін байқаймыз. Яғни, Тоқаевтың, өйткені ол Nur Otan партиясы атынан ұсынылып отыр. Сондықтан бұл партияның жүргізіп келе жатқан өз саясаты, өзінің іске асырып келе жатқан экономикалық бағдарламалары бар. Өкінішке қарай, қалған үміткерлердің қандай да бір экономикалық бағдарламасын, яғни елді қайда алып жүретіні тұралы тұжырымдамаларын байқамадым», - дейді Айдархан Құсайынов.

Сонымен қатар, ол сайлаудан кейін экономикалық тұрғыда қандай да бір өзгерістер болады деп күтпеу керектігін айтты.

«Егер Nur Otan кандидаты жеңіске жетсе, онда қазіргі экономикалық саясат жалғаса береді. Басқа кандидат жеңсе де алғашқы кезеңде осы саясатты жалғастырады. Өйткені ешкімнің қолында дайын бағдарлама жоқ. Сондықтан жақын арада экономикалық тұрғыда ешқандай өзгеріс болмайды», - деді сарапшы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл Қазақстан тарихында алғаш рет әйел адам президенттікке түсіп отыр. Бұл бір жағынан еліміздегі демократияның көрінісі болса, екінші жағынан гендерлік теңдіктің іс жүзінде іске асып жатқаны. Бұл туралы саясат ғылымдарының докторы Сейілбек Мұсатаев Алматыда өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында айтты.