Оқиға орнында орталық қызметкері Қансейіт Мұхаммед ғимараттың үстінде тұрған Туды алып үлгерген.
Кеше Сайрам ауданы Ақсукент ауылында "Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында" өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оқиға орнында аталған орталықтың қызметкері Қансейіт Мұхаммед ғимараттың үстінде тұрған Көк туды алып үлгерген.
Өртті сөндіруге барлығы 7 техника, 2 су таситын көлік және 31 адам жұмылдырылды.
14 сағат 31 минутта қызыл жалынның беті қайтарылды. Зардап шеккендер жоқ.