Салмағы 6 келілік алып бала

0
2 524

Алты келілік алып сәби жетінші наурыз күні кесарь тілігі арқылы өмірге келіпті. Ол аталмыш перинаталды орталықта жыл басынан бері өмірге келген ең ірі бала болып отыр. Кесарь тілігі арқылы дүниеге келген оның салмағы 5,8 келі болса, бойының ұзындығы 62 сантимер, деп хабарлайды ERNUR.KZ lada.kz-ке сілтеме жасап.

«2016 жылы салмағы 4 келіден асатын 864 сәби өмірге келді. Ондай салмақтағы баланың саны былтыр 960 болса, биыл 56 нәресте жарық дүние есігін ашқан. Алып баланың дүниеге келуі тұқым қуалау, ана ағзасындағы зат алмасу үрдісінің бұзылуы, генетикалық ауытқу сияқты түрлі себептерден болады. Дегенмен, бұл ешқандай ауру түріне жатпайды. Әйтсе де, ананың босануына кері әсерін тигізуі ықтимал. Зерттеу нәтижелерін назарға алсақ, алып денелі сәбилердің 80 пайызы табиғи жолмен ешқандай қиындық туғызбай өмірге келеді», дейді Ақтау қалалық перинаталды орталығының директоры Ғалия Балжігітова.

41 апта үш күнге мерзімінен әлдеқайда кеш туылған сәбидің және анасының жағдайы жақсы.