Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыдағы дағдарыс орталығында кездесу өткізді

0
346

Әйелдерге деген көзқарасты түбегейлі өзгерту керек деп есептейді.


Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыдағы дағдарыс орталығында кездесу өткізді

Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыдағы дағдарыс орталығында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары бойынша Қарағандыдағы дағдарыс орталығында болды. Орталық зардап шеккендерге әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсетеді. Салтанат Тұрсынбекова өз сөзінде қазіргі жағдайға қарамастан, кез келген қазақ әйелінің білім алуға, денсаулыққа, мансапқа, ұрып-соғусыз, қорлаусыз қалыпты өмір сүруге құқығы бар екенін айтты.


«Әйелдеріміздің жылағанын қаламаймын. Олардың қиналмауы үшін барымды саламын. Түсінемін, бүгін бұл үй сіздің уақытша панаңыз болды, еріксіз осында келуге мәжбүр болдыңыз. Өйткені сіз өмір мен өлімнің бірін таңдап, балаларыңызды құтқаруыңыз керек еді. Сіз өзіңізді нашар сезінбеуіңіз керек, сіз ең жақсысына лайықсыз. Сіз ең мықтысыз!» - деді ол.


Құқық қорғаушы қазақ қоғамында әйелдерге деген көзқарасты түбегейлі өзгерту керек деп есептейді.


Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында осы мәселені жүйелі шешу үшін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында жаңа заңнамаларды әзірлеу және қабылдау, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу түріндегі құқық бұзушылықтар үшін заңнаманы қатайту сияқты реформаларды ұсынады.